«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

Петропавлдағы Достық үйінде өңіріміздің белсенді жастары Қазақстан халқы Ассамб­леясының үстіміздегі жылы Президент сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау білдіріп, “дөңгелек үстел” отырысын өткізді. Шараны “Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы” облыстық филиалының төрағасы Владимир Витченко жүргізді.

Студенттік ұйымдардың, жастар бастамалары орталықтарының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысқан жиында сөз алған “Бірлік” этномәдени ұйымының жетекшісі Ләззат Аяпбергенова:

– Бүгінде әлем елдері экономикалық дағдарысты бастарынан өткізуде. Мұндай қиындық біздің елімізді де айналып өтпесі анық. Қазақстан – тыныштық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтап келе жатқан мемлекет. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі деп білемін, – деді.

Қызылжар ауданының жастар бастамалары орталығының директоры Думан Закирин ерте қамданған елдің еңсесінің биіктігін айтып, Президент сайлауының биыл өтуі еліміз үшін тиімді деген ойын білдірді.

Шара соңында белсенді жастар Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын бірауыздан қолдап, үндеу қабылдады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp