«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЖАННЫҢ БӘЙГЕСІ

Ақын, әнші, композитор Біржан салдың 185 жылдығы және Балуан Шолақтың 155 жылдығына арналған “Арқа әуендері” атты аймақтық дәстүрлі әндер байқауында жерлесіміз Біржан Есжан бас жүлдені жеңіп алды.

Ән өнерінің қос майталманын ұлықтау шарасына Қарағанды, Павлодар, Астана, Қызылжар қалаларынан дәстүрлі әншілер қатысып, Көкшетаудың аспанын әнге бөледі. Дәстүрлі әнге шөліркеген көрермен қиқуға басып, өнерпаздардың бағы мен бабын сынады. Ерлан Рысқали, Бисара Мәкенова, Саян Мұхамедияров сынды қазылар алқасы төрелік еткен сайыста өнерпаздар аянып қалмады. Байқау қорытындысы бойынша жерлесіміз, дәстүрлі әнші Біржан Есжан жүзден жүйрік атанып, бас жүлдені қанжығасына байлады.
– Бұл байқауға іріктеу кезеңінен өткен он екі өнерпаз қатысты. Дәстүрлі әншілердің дайындығы жақсы болды. Әркім де өзінің мүмкіндігін көрсетуге тырысты. Бұл додада мен Біржан салдың “Айтбай” әні мен Үкілі Ыбырайдың “Гәккуін” орындадым. Өнерпаздардың орындауындағы әндерге көрермен ерекше ықылас танытты, – деді ол.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp