«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС САРАЛАНДЫ

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет полковнигі Әсет Ысмағұловтың төрағалығымен облыстық азаматтық қорғаныс қызметтерінің өткен жылғы жұмысын қорытындылауға арналған кеңес болып өтті.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Евгений Обухов азаматтық қорғаныс желісі бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің алдына қойылған міндеттер толығымен орындалғанын баяндады. Жыл бойы азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметі тәжірибелік іс-шараларға, атап айтқанда, “Көктем”, “Қыс”, “Жер”, “Қорғау” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, сол сияқты облыстық ауқымдағы 3 оқу-жаттығуға және 5 жаттықтыруға белсене қатысты. Оған облыстық медициналық көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау, өртке қарсы күрес, сауда және тамақтандыру, байланыс және хабарлау, радиациялық-химиялық қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, жол және көпір қызметтері өзара іс-қимылды, ұйымдасқандық пен жеделдікті меңгере отырып, оқу-жаттығуларды өткізуге жұмылдырылды.  

Кеңесте облыстық қызметтердің басшылары бейбіт және әскери ұрыс-қимыл кезеңіне арналған арнайы азаматтық қорғау шараларының орындалуы туралы есеп беріп, өңір аумағында төтенше жағдайлардың зардаптарынан тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету жағдайы жайлы айтты.

Аталмыш шарада алдағы су тасқыны, өрт қаупі кезеңдеріне қызметтерді әзірлеуге арналған өзекті мәселелер, алда тұрған міндеттер де талқыланды.

Қайрат САДЫҚОВ,

СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері,

өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp