«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ МЫҚТЫ

Өткен жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: бейбітшілік, руха­ният және келісім мәдениеті” ат­ты тақырыпта өткен Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ХХІ сессия­сына қатысу мәртебесіне ие болған едім. Облыстық делегацияның мүшесі ретінде мұн­дай беделді жиынға алғаш қа­тыс­қандықтан, Елбасының сөзін үл­кен толғаныспен тыңдап, кө­­ңі­ліме тағылымды ойлар түйіп қайттым.

Біз, Тәуелсіз елдің ұрпақтары, Қазақстанның бірлік пен тұрақ­тылықтың тал-бесігіне айнал­ға­нын әр кез мақтан етеміз. Қараша­ңы­рағымыздың шайқалмауын тілейміз. Елба­сымыз ел бір­лі­гінің бастауы тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүре­гі бір ұлттар мен ұлыстардың өз­ара жұдырықтай жұмылған тату­­лығында, ортақ мақсат жолын­дағы ауызбірлігінде екенін үнемі айтып, жол сілтеп келеді.

Бұл жолы да ғасырлар бойы жалғасып, қасиетті құндылықтар мен ұлттық ұлы мұраттарға жетелеп келе жатқан бейбітшілік, руханият, келісім сессияның басты арқауына айналып, еліміздің әр қиырынан келген түрлі этнос өкілдері мен сан алуан мамандық, кәсіп иелері толеранттылық, достық, бауырластық идеяларының қаншалықты қымбат та қастерлі екенін жан жүректерімен ұғып, Президентіміздің сындарлы ұлттық саясатына, Қазақстан халқы Ассамблеясының Отанымыздың өркендеуінің сенімді тірегіне айналғанына бірауыздан қолдау білдірді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең екенін қадап айтты. Оны барлық қазақстандықтар іс жүзінде айқын сезініп отыр. Облыста бүгінде 40 мыңға жуық украиндық тұрады. Ұлттық дәс­түрлерімізді қастерлеп, ана тілі­мізді біліп-үйренуге бар­лық жағдай жасалған.

Өзіме келетін болсам, Солтүстік Қазақстан облысында туып-өстім. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орыс мектебін тамамдап, бүгінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында білім алып жүрмін. Соған қарамастан, бүгінде мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойып, біраз үйреніп қалдым.

Қазақстан – біздің Отанымыз. Туған еліміз, кіндік қанымыз тамған жеріміз Қазақстан болғандықтан, онсыз болашағымызды көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Наталья ПЕТРОВА,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, украин этномәдени бірлестігінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp