«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН ФЕСТИВАЛЬ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында ел Тәуелсіздігінің – 25 және облыстың 80 жылдығына орай орыс мәдениетінің фестивалі өтті.

Соңғы үш жылдан бері аталып келе жатқан шара барысында қатысушылар орыс халқының бай мұрасымен таныстырылып, ел аумағында тұратын түрлі этнос өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтары насихатталды.

Содан кейін жиналғандар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Бұл жердегі қолөнершілердің бұйымдары көрерменнің көз қуанышына айналды. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарламаны жиналған қауым зор ықыласпен қарсы алды. Әсіресе, олар “Звонница” хорының, “Алуа” ансамблінің және жас әнші Влад Фирсовтың өнеріне тәнті болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp