«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІКТІҢ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІ

Биыл бейбітшілік пен келісімнің тірегіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Мерейтойға орай елімізде «Тұңғыш Президент жолымен» атты экспедиция бастау алды. Жалпыхалықтық акцияның аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Достық. Елдік. Бірлік» атты көрме өтті.

Шарада сөз алғанҚазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллиннің айтуынша, 1995 жылдың 1 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарғыға қол қойған.Содан бері Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Осы жылдар ішінде Ассамблеяның институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты. Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.

Бүгіндері өңірімізде жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Ассамблеяның қолдауымен облыста 20 этномәдени бірлестік, 181 этнобағытталған орталық жұмыс істеуде.Мұражайда өткен шара барысында бір топ азамат құттықтауларын жеткізді. Бұдан кейін жиналғандар көрмеге қойылған этнографиялық жәдігерлер мен құнды құжаттарды тамашалады. Сондай-ақ, көрмеге Тұңғыш Президенттің бірлігі бекем мемлекет құрудағы қайраткерлік жолынан сыр шертетін фотосуреттер де қойылды. Шара соңында түрлі этнос өкілдері әннен шашу шашып, тыңдарманға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp