Қалалық құрылыс-экономикалық колледжде Қазақстан халқының тілдері күніне орай “Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан” атты фестиваль өтті.
Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері жайлы студенттердің білімдерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны колледж директоры Ағыбай Кушумбаев алғы сөзімен ашты. Татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі Зулиха Бигметова да жиналғандарға жүрекжарды тілегін білдіріп, ұлттар бірлігі мен достығының маңыздылығына тоқталды.
Аталмыш фестивальде колледж студенттері ән айтып, түрлі ұлттық би билеп, қазақтың ұлы ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Студенттер жиналғандарға елімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерімен бірлікте өмір сүру керектігін өз өнерлері арқылы жеткізіп, қошеметке бөленді.
Фестиваль соңында көрермендер арасында тілдерге байланысты сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.