«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІК АЛЛЕЯСЫ

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Петропавлдағы Орталық саябақта Бірлік аллеясы ашылды. Аллеяның ашылуына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өңіріміздің құрметті азаматтары мен студенттер қатысып, 100 түп көшет отырғызды.

– Халқымыз үшін бірлік ұғымының мағынасы терең. Бұл мереке елімізде тұрып жатқан этностардың басын бір арнаға тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдыруда. Біз Бірлік аллеясын ел татулығының символына айналсын деген ниетпен ашып отырмыз, – деді Ғауез Торсанұлы.

Аллеяға 50 түп жөке, 25 үйеңкі және тағы 25 түп қарағаш көшеттері отырғызылды. Бірлік аллеясының салтанатты ашылуында облыстық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков сөз сөйлеп, Қазақстан жұртына ынтымақ пен бейбітшілік тіледі.

Бұл күні балалар қызығушылықпен сурет салып, мектеп оқушылары табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салатын ұялар жасады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp