«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРНЕШЕ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шал ақын ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді.

Сергеевка қаласында орталық субұрқақ ашылды. Айналасына орындықтар қойылған демалыс орны тұрғындардың көңілінен шықты.

“Костычев” жеке кәсіпкерлігі қала тұрғындарына екінші субұрқақты сыйлады. Компания директоры Вячеслав Костычевтің айтуынша, мердігерлерді тартпай, барлық жұмысты өздері тындырыпты. Жыл басынан бері Сергеевка қаласында 6 субұрқақ ашылды.

Сонымен қатар, аудан орталығында футбол алаңы пайдалануға беріліп, достық кездесу де өтті. Бұл аталмыш ауданда ашылған 26-шы футбол алаңы болса, оның 8-і үстіміздегі жылы пайдалануға беріліпті.

Ал “Памир” жеке кәсіпкерлігінің директоры Рустам Жүсіпов азық-түлік пен киім-кешек қолжетімді бағамен сатылатын дүкен ашты. Дүкен иесі жаңа нысанды ашу арқылы 6 адамды жұмыспен қамтыпты. “Жданов” жеке кәсіпкерлігінің “Алтын дән” дүкені ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін саудаламақ. Орақ науқаны кезінде аталмыш тауар түрі зор сұранысқа ие. Оның үстіне Сергеевка қаласында мұндай дүкен жоқтың қасы. Осы орайда кәсіпкер Владимир Жданов ауыл шаруашылығына қажетті тауарларды тікелей жеткізуді жоспарлап отыр.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp