“ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай тұтынушыларға үздіксіз қызмет көрсету мақсатында “Астана ЭКСПО – 2017” Ұлттық компаниясы мен “Қазақтелеком” АҚ-ы бірыңғай байланыс орталығын іске қосты.
Байланыс орталығының жұмысын “Қазақтелеком” АҚ-ның еншілес компаниясы – “KT Cloud Lab” серіктестігі қамтамасыз етеді.
Байланыс орталығы тәулік бойы, үзіліссіз 1440 және 8 800 080 2017 нөмірлері бойынша жұмыс істейді. Байланыс орталығына Қазақстан Республикасының аумағындағы ұялы байланыс абоненттері үшін және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін. 120 оператор қоңырау шалушыларға қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар байланыс орталығы “Facebook” (@contactcenter. expo2017), “Twitter” (аккаунт #c_center_expo) әлеуметтік желілері, сондай-ақ, “Telegram” (@Contact-CenterEXPO2017Bot) мессенджері және 1440@expo2017astana.com электронды мекенжайы арқылы өтініштерді қабылдайды.
Байланыс орталығы 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.
“ҚазАқпарат”.