Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлерге арналған “Бірыңғай есеп беру күні” өтті.
Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің төрағалығымен осындай шара ұйымдастырылды. Жиын барысында облыстық, аумақтық мекемелердің, бақылау-қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексеріс жұмыстарының есебі, заңнамадағы өзгерістер және жаңашылдықтар туралы айтып берді.
– Тексеріс шаралары кәсіпкерлік субъектілері иелеріне кедергі жасайды. Осы ретте тексеріс мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылды, – деді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Егор Поляков.
Биыл мұндай шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта бірыңғай есеп беру күні жыл сайын ұйымдастырылатын болады.
http://petropavltv.kz.