Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдер арасында волейболдан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.
Жеті команда сынға түскен сайыстың нәтижесінде ерлер арасында дарынды балаларға мамандандырылған “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірінші сатыға көтерілді. Тайынша ауданы екінші болса, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Ал қыздар арасында Қызылжар ауданы топ жарды. Мағжан Жұмабаев ауданы – екінші, ал петропавлдықтар үшінші болды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
(Өз тілшіміз).