Өнеркәсіп
Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп орындары 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 75,6 млрд. теңгенің өнімін нарыққа шығарды. Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесі тамақ өнімдеріне тиесілі (65,3 пайыз). 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ұзақ уақыт сақталатын кондитерлік өнімдер – 30,2 пайыз, қайта өңделген жемістер мен жаңғақтар 5,8 есе артық өндірілді.
Резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдардың өсімі – 23 пайызға, металдан жасалған дайын өнімдер – 92,3 пайызға, металл емес минералды өнімдерді өндіру – 12 пайызға, жиһаз шығару 13,2 пайызға өсіп, бұл салалар жоғары қарқынмен дамуда. Бетоннан дайындалған бұйымдар 48 пайызға көбейсе, пластмассадан жасалған құбырлар шығару 70,6 пайызға ұлғайды. Электр қуатын өндіру және бөлу – 4,2 пайызға, газ бөлу 4,7 пайызға өсті. Сумен жабдықтауды, кәріз жүйесін, қалдықтардың жиналуы мен таратылуын бақылау көлемі 8,7 пайызға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы көлемі 2015 жылғы қаңтар-маусымда 36,3 млрд. теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың қаңтар-маусым мезгілімен салыстырғанда 105,6 пайызға өскендігін білдіреді.
Мал мен құс етінің 32,2 мың тоннасы өткізіліп, 228,3 тонна сүт сауылды, 292,7 млн. тауық жұмыртқасы сатылды.
Құрылыс
Жылдың бірінші жартыжылдығында орындалған құрылыс жұмыстары 12,4 млрд. теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 69,1 пайызға артық. Аққайың, Есіл, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда және Петропавл қаласында элеваторлар, ет және ет өнімдерін өндіретін цех, балабақша нысандары бой көтерсе, Мағжан Жұмабаев ауданында полиэтилен құбырын шығаратын цех, жел-электр стансасы, ал Қызылжар ауданында электр жабдықтарын жөндейтін кәсіпорын және басқа нысандар қолдануға берілді.
Тұрғын үй құрылысында 3 млрд. теңге игеріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 33,5 пайызға артты. Облыс аумағында 31521 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрайды. Олардың 30185 шаршы метрі – халық қаражаты есебінен, 1336 шаршы метрі кәсіпорындардың меншік қаражаты есебінен тапсырылды.
Инвестициялық қызмет
2015 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 54 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 152,7 пайызға жоғарылады.
Инвестиция салудың негізгі көзі шаруашылық жүргізетін субъектілер мен халықтың өз қаражаты болып табылады. Оларға 72,5 пайызы тиесілі болса, бюджеттік қаражатқа – 16,9 пайыз, банктердің несиелеріне – 5,2 пайыз, басқа да қарыз қаражатқа 5,4 пайыз.
Инвестиция көлемінің айтарлықтай үлесі, яғни 49,2 пайызы құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалса, көліктер мен жабдықтар сатып алуға 45,2 пайыз бағытталған. 2015 жылы ғимараттар мен имараттарды салу жұмыстарына инвестициялық салым 2,9 есе өсті.
Сауда
Бөлшек сауданың өсім қарқыны 101,7 пайызды құрады. Бөлшек сауда желісі арқылы 64,4 млрд. теңгенің тауарлары өткізілді. Олардың 68 пайызы – азық-түлік емес тауарлар. Оның ішінде 13,4 пайыз мотор отыны өткізіліп, 3,8 пайыз автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары сатылды.
Тұрмыс деңгейі
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын есептеген кезде жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері биылғы жылдың маусымын 2014 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,3 пайызға ұлғайып, 18343 теңгені құрады. Оның ішінде азық-түлік өнімдеріне – 11006 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге 7337 теңге жұмсалды деп есептелді.