«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРІНШІ МУЗЫКАЛЫҚ ӘН СЫНАҒЫ

Петропавл қаласында алғаш рет жүзеге асқалы отырған музыкалық жобаға қатысуға ниет білдірген үміткерлерді іріктеу наурыз айының алғашқы күнінен басталды. Байқау шарты бойынша ән сайысына дуэттер қатысады. Олардың бірі кәсіби әнші болса, екіншісі – ән айтуды сүйікті ісіне балайтын әуесқой орындаушы.

Шараны ұйымдастырушы Дмитрий Столбовский мен Инесса Богинскаяның айтуларынша, жобаға қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың. Қазылар алқасының шешімімен алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен он жұп шешуші бөлімде жанды дауыспен өнер көрсетпек.

Өңіріміздегі талантты әншілерді қолдау мақсатында алғаш рет ұйымдастырылып отырған музыкалық байқаудың шешуші кезеңі үстіміздегі жылдың 30 наурызында Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өтпек.

 (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp