«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРІНШІ ОРЫНДА – ҚОСТАНАЙЛЫҚ ТҮЛЕК

Облыстық медицина колледжінде “Медицина колледжінің 2015 жылғы үздік түлегі” атты республикалық байқау өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен медбикелік мамандықты меңгеріп жүрген студенттер қатысты.

Байқау жыл сайын өткізіледі. Бұл жолы аталмыш байқауды ұйымдастыру жауапкершілігі біздің колледжге жүктелді. Доданың ережесіне сай ұйымдастырушы жақ байқауға қатыса алмайды.

Үздік түлек “Зертханалық диагностика” мамандығы бойынша анықталды. Түлектердің кәсіби дайындық сапасы, білімі, міндеттерді шешу қабілеттері сараланды.  

Астана, Қостанай, Түркістан, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Көкшетау қалалары мен Батыс Қазақстан облысы колледждерінің түлектері өзара бақ сынасқан байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. Қатысушылар алдымен зертханалық диагностиканың заманауи мүмкіндіктері жайында әңгімелеп, теориялық сұрақтарға жауап берді. Олар “Клиникалық-лабораториялық зерттеу тәсілдері”, “Микробиологиялық зерттеу техникасы”, “Санитарлық-гигиеналық зерттеу техникасы мен гигиенасы” пәндері бойынша сайысқа түсті.

Нәтижесінде Қостанай облысының намысын қорғаған Наталья Ермакова жеңімпаз атанды. Екінші орын Түркістан қаласынан келген Фариза Бөрібайға бұйырса, үшінші орынды өскемендік Анна Мельник иеленді.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp