Үкімет бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
“Ресейден келетін тауарларға бәсекелестікті қалай қамтамасыз ететініміз жайлы көп сұрақтар туындады. Біз көршілеріміз, бауырлас ел Қырғызстанмен шекараны аштық, ол жақтан тауар келеді. Менің ойымша, осының бәрі біздің өндірушілерге тауарымыз сапалы әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, шығындарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жоспарда біз осыны қамтамасыз етеміз», – деп сендірді Министрлер кабинетінің басшысы.