«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

«Жезқазған – Петропавл» тасжолында «КамАЗ» бен МТЗ тракторының соқтығысуы салдарынан бір адам қайтыс болды.

 «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Қарлыға ауылына жақын маңда, «Жезқазған – Петропавл» тасжолында «КамАЗ» маркалы көліктің 1963 жылы туған жүргізушісі алда келе жатқан МТЗ тракторының тиелген тіркемесімен соқтығысты. Тракторды Есіл ауданының 1978 жылы туған тұрғыны жүргізіп келе жатқан», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында. Жол апатынан «КамАЗ» жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырған. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp