«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР АПТАДА АЛТЫ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Жыл басынан бері облыста 15 адам суға батып кетті. Өткен аптада 6 адам су құрбаны болды.

Тайынша ауданындағы Теңдік ауылы маңындағы Шағалалы өзенінде 49 жастағы азамат, Есіл ауданындағы Николаевка ауылынан 7 шақырым жердегі жасанды су қоймасында 23 жастағы жігіт, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылында 18 жастағы жігіт, Тоқсан би ауылы маңында 57 және 66 жастағы ер адамдар, Петропавлдағы Қарғалы аралында 20 жастағы жігіт суға шомыламыз деп, үйлеріне қайтып оралмады.

Барлық жағдай шомылуға арналмаған, суда құтқару қызметі бекеттері жоқ жерлерде орын алған.  

Өткен аптада суға батып бара жатқан 4 адамды суда жүзгіш-құтқарушылар аман алып қалды. Төтенше жағдайлардың барлығы адамдардың өз шамасын білмей немесе мас күйінде судың сұрапыл күшін жеңемін деуінен болып жатады, бірақ су немқұрайдылықты кешірмейді.

Суда құтқару қызметі қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін тағы да еске салады.

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,

облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің Суда құтқару

қызметінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp