«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР АПТАДА ҮШ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Облыста соңғы бір аптада үш адам суға батып кетті.

Есіл өзенінің жағасында демалып жатқан отбасының 14 және 16 жастағы екі қызы 9 жасар туысымен селфи түсірмек болады. Бір кезде қатты толқын оларды ағызып әкетеді. Қыздардың 45 жастағы әкесі суға күмп беріп, балаларын құтқарып үлгереді. Алайда, өзі шыға алмай, батып кеткен.

Ал Аққайың ауданында 69 жастағы ер адам балық аулаймын деп суға кеткен. Араға екі күн салып, Қызылжар ауданында 31 жастағы ер адам көз жұмды. Марқұмдардың денелерін құтқарушылар судан шығарып алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp