«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР КҮМІС, ЕКІ ҚОЛА

Ақтөбе қаласында аралас қоян-қолтық жекпе-жектің дайдо джуку кудо түрінен ел біріншілігі өтті. Қазақстанның түпкір-түпкірінен 300-ге жуық спортшы қатысқан сайыста 5 жерлесіміз өңір намысын қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Саят Әбдірахманов 72 килограмм салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек барысында күміс жүлденің иегері атанды. Никита Богданов 19, Ал Елдар Әбдірахман 46 килограмда үшінші орынды қанағат тұтты.

– Әлемге Жапониядан тарала бастаған дайдо джуку кудо бүгінгі таңда елімізде де қарқынды дамып келеді. Облыс орталығында да оның деңгейі айтарлықтай. Спортшыларымыз көптеген бәсі биік додаларға қатысып, өздерінің мықты екендіктерін паш етуде. Алдағы уақытта әлі де біраз сайыстарға қатысуды жоспарлап отырмыз. Шәкірттерімнің алар асулары әлі алда деп ойлаймын, – дейді облыстық “Kudo Daido Juku” федерацияның президенті Олжас Дүйсенов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp