2018 жылғы 28 қазан күні өтетін Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Тайынша аудандық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауға кандидаттарды тіркеу үстіміздегі жылдың 2 қазан күні аяқталды.
Округтің сайлау комиссиясы 12 кандидатты тіркеді, тіркелген кандидаттардың төртеуі “Нұр Отан” саяси партиясының атынан, қалған сегізі өзін-өзі ұсынғандар.
Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 35.
11 кандидаттың жоғары, біреуінің орта арнаулы білімі бар.
Есіл аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар: Асқар Абайұлы Байтоқов, Біржан Төлепбергенұлы Қойшыбаев, Самат Бейбітұлы Бидалин.
Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар: Әмина Әнуарқызы Ғалиева, Бегас Асқарұлы Тұяқов, Николай Иванович Волков.
Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар: Әлия Бақытжанқызы Нұрғалиева, Азамат Қозыбайұлы Нұрмолдин, Аманжол Ержанұлы Кебекбаев.
Тайынша аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар: Айгүл Бағдатқызы Әбдірахманова, Сәрсенбай Мұратұлы Бекшенов, Руслан Елшібайұлы Егімбаев.
Үстіміздегі жылғы 3 қазаннан бастап кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті, ол 26 қазан күнгі 24 сағатқа дейін жалғасады.
12 қазаннан бастап дауыс берушілер учаскелік сайлау комиссияларының ғимаратында сайлаушылардың тізімімен танысып, өздерінің тізімде бар-жоғын анықтап, қателіктер жіберілгені анықталып жатса, өзгерістер енгізе алады.
Сайлау науқаны сайлау заңнамалары нормаларының талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.