Есіл ауданында жер үй өртеніп, бір отбасының 4 мүшесі мерт болды. Қайғылы оқиға Ильинка ауылында орын алды.
Таңғы сағат төртте облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің диспетчерлік пультіне өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына өртсөндірушілер жасағы жіберілді. Құтқарушылар елді мекенге жеткен кезде тұрғын үй, монша және қора-қопсы отқа оранған еді. Тілсіз жауды сөндіру барысында 1969 және 1992 жылғы ер адамдардың, 1969 жылғы әйелдің және 2016 жылғы баланың мәйіті табылды.
Өрт сағат 07.18-де толық сөндірілді, жалын зақымдаған аумақ 188 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.