«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір оқу – қос диплом

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқыған алғашқы түлектерге дипломдары табысталды. Олар төрт жыл бойы жергілікті жоғары оқу орнының ғана емес, Литваның Витов Великий атындағы Каунас университетінің оқытушыларынан да дәріс алып, білімдерін толықтырды.

Пандемияға байланысты онлайн конференция форматында ұйымдастырылған диплом табыстау рәсімі жергілікті университет тарихында алғаш рет өткізілді. Сөз кезегін алған жоғары оқу орны ректорының міндетін атқарушы Ербол Исақаев түлектерді оқуды табысты тамамдауларымен құттықтап, еңбек жолында сәттілік тіледі.

Үстіміздегі жылы аталған бағдарлама бойынша бакалаврды бес жас тамамдап, қолына диплом алса, тағы екеуі магистр атанды. Литвалық оқытушылар жергілікті студенттердің білімін, үлгерімін жоғары бағалады. Екі университеттің дипломын қатар алу оңайға түспегенін айтқан түлектер бағдарламаның арқасында тәжірибе жинауға мүмкіндік алғандарын жеткізді. Сапалы білім берген университет оқытушыларына алғыстарын арнады.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің медиа орталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp