
Дүниежүзілік таэквондо федерациясы Олимпиадалық рейтингті жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық таэквондошы Смайыл Дүйсебай бір сатыға көтерілді. 80 килограм салмақта сынға түсетін отандасымыз 8-орынға көтерілді. Оның еншісінде 231 ұпай бар.
Дәл осы салмақта ел намысын қорғайтын тағы бір қазақстандық спортшы Руслан Жапаров 200 ұпаймен 14-орынға жайғасты. 80 килограм салмақта бақ сынайтын Нұрлан Мырзабаев 129 ұпаймен 32-орынға тұрақтаса, 74 килодағы Қайрат Сарымсақов 118 ұпай еншілеп, 37-ші сатыға көтерілді. Қыздар арасында 67 кг.-да сынға түсетін Жансель Дениз 182 ұпаймен 10-орнын сақтап қалды.