Жергілікті “Қызылжар” футбол клубы сырт алаңда оңтүстікқазақстандық “Мақтаарал” құрамасымен кездесті. Жерлестеріміз 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңілістен кейін жерлестеріміз турнир кестесінде бір саты төмен түсіп, үшінші орынға жайғасты.
Енді, “Қызылжар” футболшылары чемпионаттың қалған екі ойынында шығысқазақстандық “Алтай” және қызылордалық “Қайсар” командаларымен күш сынасады.
(Өз тілшіміз).