Су – тіршіліктің көзі. Ұзақ өмір сүрумен әйгілі жапондықтар әр күнін су ішуден бастайды екен. Таңертең оянған соң ашқарынға ішілген су метаболизм процесін іске қосып, ағзаны нығайтуға септеседі.
Әлемдік медициналық тәжірибеде суды таңертең ашқарынға ішудің денсаулыққа берері мол екендігі дәлелденген.
Күнде оразасын стақан сумен ашқан адамның көптеген дерттерінен айығатыны өмірлік тәжірибеден белгілі. Аш қарынға ішілген су бас ауруы, тахикардия, эпилепсия, қандағы холестерин деңгейінің көтерілуі, бронхит, демікпе, туберкулез, менингит, бүйрек пен несеп шығару жолдарының аурулары, гастрит, диарея, диабет, іш қату мен көз ауруларын емдеуге көмектеседі.