«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ТАБЫН ЖЫЛҚЫ ДРОНМЕН ІЗДЕСТІРІЛДІ

Айыртау ауданының полицейлері Саумалкөл ауылы тұрғындарының алғысын арқалады. Ауыл тұрғындары еркін жайылымда жүрген табыннан 13 бас жылқы жоғалғанын анықтаған. Олар үш күн бойы жоғалған малды өздері іздестіріп, одан нәтиже шықпаған соң аудандық полиция бөліміне жүгінеді. Жедел іздестіру топтары құрылып, автокөлік бөлінді. Шал ақын ауданына қарай бет алған топ іздеу жұмысына квадрокоптерді пайдаланған. Оны аудандық полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция капитаны Ілияс Құнанбай басқарды. Осы техникамен екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ілияс бүгінде тәжірибелі операторға айналған. Ол бұған дейін квадрокоптердің көмегімен із-түзсіз жоғалған талай адамды іздестірген. Дрон адам аяғы жүруі қиын орманды жерде пайдаланылды. Ол ауада 25 минут болып, 8 шақырымдай қашықтыққа ұшырылды.

Екі тәуліктен соң жылқылар қырағы бақташылардың көмегімен табылды. Полицейлер оларды алдын ала хабардар еткен болатын. Бақташылардың бірінен келіп түскен қоңырау мал иелерін жылқылардың ізіне түсірді. Жылқы иелері әлеуметтік желілерде жылқыларын екі тәулік бойы күні-түні тынымсыз іздеген полицейлерге алғыстарын білдірді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp