«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ТОННА АРАҚ ТӘРКІЛЕНДІ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылар рейдтік шара барысында бір тоннаға жуық контрафактілік ішімдікті тәркіледі. Оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орын алған.
 

Түнгі сағат 2.30-да “Рузаевка-Возвышенка” тас жолының бойында тоқтатылған “ГАЗ-330210″ автокөлігінен 5 литрлік құтыларға құйылған 900 литр алкогольдік өнім табылды. Сараптама барысында алкогольді сусындардың барлығы қолдан жасалғандығы анықталды.
1993 жылғы Ақмола облысындағы Көкшетау қаласының тұрғыны қамауға алынды. Жалпы жыл басынан бері 218 заңбұзушылық тіркеліп, заңсыз сауда айналымынан 615 литр ішімдік шығарылған болатын. 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp