Кешке үйіне оралған Жұмысшы кентінің тұрғыны терезесінің сынғанын көріп, бірден полицияға хабарласқан. Ұры бағалы заттарды іздеп, үйдің астан-кестеңін шығарыпты. Полицейлер осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұрланған заттар оның пәтерінен, ал алтын бұйымдар ломбардтан табылды. Шығын мөлшері 200 мың теңгеге бағаланды.
Полицейлердің айтуынша, қылмыскер 2016 жылы да осы үйге ұрлыққа түсіп, ұсталған екен. Сол жолы ол екі жылға бас бостандығынан айырылған. 2018 жылы түрмеден босап шыққаннан кейін, екі апта өтпей қайтадан пәтер ұрлығын жасап, тағы екі жыл бес ай мерзімге сотталыпты. Темір тордың ар жағынан шыққанына бір ай өтер-өтпестен қайтадан қолға түсіп отыр. Оның бұл жолы қанша жылға темір торға тоғытылатынын сот шешеді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.