«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІТІК ЕГІН — БЕРЕКЕ

Ауданымыздың беткеұстар шаруашылықтарының бірі “Агрофирма Приишимский” ЖШС-нің алқаптарында егін ору қарқынды жүргізілуде. Таң атқаннан кеш батқанға дейін мұнда комбайндар гүрілі бір сәтке толастаған емес. Серіктестік диқандары уақытпен санаспай еңбек етіп, белгіленген межеден көрінуге тырысуда. “Алқаптарда белсенді жұмыс жүруде. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықты уақытында жинап алуға бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз”, – дейді ЖШС директоры Мұстафа Гулиев.

Биыл серіктестікте егін шығымдылығы жоғары “Омбы-38”, “Шортанды-95”, “Дамсинская” бидай сортын сеуіп, олардан гектар басы 21,2 центнер өнім алуда. Жалпы ауданы 19806 гектар егіннің жартысынан көбі орылды. Серіктестік механизаторлары үшін барлық жағдай қарастырылған, асхана, монша жұмыс істейді, егін басына тамақ жеткізіледі. 11 “Джон Дир” комбайны, 9 “КамАЗ” бен бірнеше трактор танап басындағы еңбекті қыздыра түсуде. Тәжірибелі механизаторлар Леонид Дудник, Андрей Пупынин, Владимир Шевченко, Александр Литвинов, Евгений Ғалымжанов, Игорь Черный, Михаил Әлімов жоспарды орындауда жоғары нәтиже көрсетіп, әр қолайлы күнді ұтымды пайдалана білуде. Қырманда да қызу еңбек. Мұнда астық тазаланып, элеваторларға жөнелтілуде, сонымен қатар тұқым әзірлену үстінде.

Ринат ШҰҒАЙЫПОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp