
Мамлют ауданының Токаревка ауылындағы “Хуландой” ЖШС – егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып келе жатқан агроқұрылым. Шаруашылық көктемде 2700 гектар алқапқа бидай мен майлы дақылдар сепкен болатын. Қазір сол егіннің 70 пайыздайы дестеге түсіріліп, жартысына жуығы бастырылды. Гектар берекелігі орта есеппен 20 центнерден айналуда.
– Күні бүгінге дейін Мамлюткадағы элеваторға 200 тонна бидай, 150 тонна арпа жөнелттік. Астық үшін арпалыс өнімді қамбамызға ысырапсыз құйып алғанда ғана аяқталады, – дейді серіктестіктің бригадир-агрономы Мұса Сағындықов.
Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.
СУРЕТТЕ: серіктестіктің бригадир-агрономы М. Сағындықов пен механизатор Ю.Петер.
Суретті түсірген автор.