«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІТІМГЕРЛІК ЖАСАУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Еліміздің “Оңалту және банкроттық туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, осының нәтижесінде банкроттық рәсімде “бітімгершілік келісім” және “төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі” түсініктері кіргізілді.

 

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта өткен “дөңгелек үстел” басында аталған жаңашылдыққа сәйкес банкроттық рәсімдерді жүргізудің кез келген кезеңінде борышкер мен кредиторлар бітімгерлік келісім жасасуға құқылы екендігі айтылды. Ал төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі – борышкердің бір немесе одан да көп төлем қабілетсіздігі туындаған кезде өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдауға құқылы екенін білдіреді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Исабекова аталған жаңашылдық тараптардың өз еркімен банкроттық рәсімдердегі тараптар арасындағы қатынастарды анықтауға және оны реттеуге, банкроттықты болдырмауға бағытталғанын, сондай-ақ, өндірісті және жұмыс орындарын сақтау үшін енгізілгенін атап көрсетті.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp