«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІШКЕКТЕГІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына келді.

Кеше Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары Қырғызстан астанасында мерейтойлық кездесу өткізді. Кездесу “Ала-Арча” мемлекеттік резиденциясында өтті. Фотоға түсу рәсімінен кейін қатысушылар шағын құрамда жабық отырысқа барды. Мемлекет басшыларының отырысынан кейін оларға делегация мүшелері қосылды.

Күн тәртібінде мемлекет басшылары тікелей талқылайтын он бес мәселе қойылған, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің 25 жылдығына орай бірлесіп қабылдайтын жалпы мәлімдеме, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары келесі отырысының төрағалығы және оны өткізу орны туралы шешім қабылдау, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жаңа сынқатерлерге бейімделуі туралы мәселелер бар. Мемлекет басшылары қауіпсіздік мәселелеріне аса назар аударды. Кездесуде бірқатар халықаралық келісімшарттарға қол қою және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша бірлесіп күш салуы, 2017-2019 жылдарға арналған терроризмге қарсы күрес және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылық көріністерімен күресте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ынтымақтастығы, 2016-2020 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жасалған қылмыстармен күресте ынтымақтастық бағдарламасы туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының мәлімдемесін қабылдау жоспарланған.

Кең форматтағы отырыста Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылы халық санағын жүргізу, 2017 жылды – Отбасы жылы, 2018 жылды ТМД-дағы мәдениет жылы деп жариялау туралы мәселелер талқыланды.

ҚазАқпарат”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp