«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бүгін “Пеленің күні”

Осыдан дәл 51 жыл бұрын, яғни 1969 жылдың 19 қарашасында Бразилияның даңқты футболшысы Пеле өзінің спорттық карьерасындағы 1 000-шы голын соқты.

Дәл сол күні әйгілі “Маракана” стадионында өткен “Сантос” пен “Васко да Гама” кездесті. Қос команда да бұл матчқа өте жақсы даярлықпен келді. Көпшілік күткендей, аса шиеленісті өткен бәсекеде таразы басы ұзақ уақыт бойы теңселіп тұрды. Есеп – 1:1. Ойынның 73-минутында “Васко да Гаманың” қорғаушылары өздерінің айып алаңында Клодоалдоны шалып жықты. Төреші еш кідірместен 11 метрлік нүктені меңзеді. Қарсы жақ наразылық білдіргенімен қазы өз шешімін өзгерткен жоқ. Нүктеге Пеле келді. Ол оң бұрышты нысанаға алды. Қақпашы доптың бағытын дәл тапқанымен оны кері қайтара алмады.
Сөйтіп, футбол королі 29 жасында өзінің 1 000 голын соқты. Бұл күн “Пеленің күні” деген атаумен тарихта қалды.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp