«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮГІН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Қалалар мен ауылдарда жылда осы күні қаралы митингтер ұйымдастырылады. Өйткені елімізде саяси қуғын-сүргіннен  және аштықтан зардап шекпеген отбасылар кем де кем.

 

Осыдан  20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мамырдың 31-і елімізде өткен ғасырдың 30-40 жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шеккен  мыңдаған адамдарды еске алу күні деп жарияланған болатын.  Тарихшылардың есептеулері бойынша , Қазақстанда 100 мыңнан астам  азамат «халық жауы» деген айыппен қамауға алынып, төрттен бір бөлігі атылған, тірі қалғандары түрмеде, айдауда азап шеккен. Сонымен қатар бұл күні халқымыз 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын  да еске алады. Түрлі деректер бойынша елімізде ашаршылық жылдары халықтың жартысына жуығы қырылған.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp