
Бүгін Елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтеді.
Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін бұл жиында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға «Nur Otan» партиясы атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілетін болады. Съезд жұмысына 1500 адам қатысады деп күтілуде.