«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚУАНТТЫ

Облыстық қуыршақ театры өзінің кішкентай көрермендеріне түрлі қойылымдар көрсетіп, балдырғандарды қуантып келеді. Осы уақытқа дейін 50-ден аса спектакльдің тұсауын кескен театр ұжымы 25-ші маусымын ашты.

Салтанатты шарада сөз алған облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Рүстем Елубаев ұжымның барлық мүшелерін, сондай-ақ, жас өнерпаздарды айтулы күнмен құттықтап, шығармашылық табыстар мен алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Содан соң өнер ұжымының әртістері аталмыш жиынға келген қонақтар мен көрермендерге “Етік киген мысық” қойылымын ұсынды.

Д. Самойлованың пьесасы бойынша қойылған туындыны театр ұжымы біраз уақыттан бері дайындаған. Бүлдіршіндерді адамгершілікке, еңбекқорлыққа, қайырымдылыққа және сүйіспеншілікке шақырған спектакльде рөлдерді сегіз кейіпкер сомдады. Аталмыш қойылымның режиссері Наталья Сакович:

– Спектакль ертегі желісімен дайындалған соң балалар өте жеңіл қабылдады. Ал ересек көрермендер бір сәтке бала күндерін еске алғандай әсерге бөленді, – деді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp