Петропавлда балабақшалар тәрбиеленушілері арасында робот құрастырудан байқау өтті.
Мұндай сайыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Пилоттық жобаға қаладағы 6 балабақшаның өкілдері қатысты. 5-6 жасар бүлдіршіндер шығармашылық жобаны таныстырып, логикалық тапсырма орындады, ойыншық құрастырды. «Кazrobotics» федерациясы енді мұндай байқауды еліміздің басқа қалаларында да өткізуді көздеп отыр.