«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШЫ

 

Облыстық қуыршақ театры оты­зын­­шы маусымды тұңғыш рет қазақ ті­лінде “Сақ болыңдар, бауырсақ­тар” атты ертегімен ашты. Қойылымды алғашқылардың бірі болып “Алтын бесік” және “Салтанат” балабақша­ла­рының тəрбиелену­ші­ле­рі тамаша­лады. 

Аталмыш спектакль орыстың “Ко­лобок” ертегісі желісімен жа­зыл­ған. Қуыршақ театрының көркемдік же­тек­шісі Мейрам Сексенбаев туындыны қазақ тіліне ауда­рып, Ресей ре­жиссері Андрей Ме­лентьевпен бір­лесіп əзірлеген. “Бә­рімізге белгілі ер­тегіде бір ғана бауырсақ болса, біздің қойылымда олар – екеу. Атасы мен əжесінен қашқан бауырсақтар түр­лі оқиғалар­ға тап болады. Жол бойы аңдар­мен тілдесу кезінде көп ой түйіп, өз қылықтарына қатты өкі­не­ді. Қойылымның тәрбиелік мәні зор”, – дей­ді Мей­рам Сексенбаев. 

Басты рөл­ді сомдаған театрдың жас актері Нұр­сұлтан Қалқабек образды бала­лар­ға түсінікті етіп жеткізуге ты­­рыс­қан. Сахна иесінің пікірінше, қойы­лым балаларға шынайы болып кө­рін­генде ғана олар жақсы әсерге бө­ленеді.
Спектакльді тамашалаған ба­ла­лар нағыз достық пен көмек қо­лын созудың маңызын түсінді. Сондай-ақ, олар қойылым бары­сында театр ұжымы дайындаған ойындарға қа­тысып, көңіл көтерді. “Еліміз бойын­ша бүлдіршіндерге арналған мұндай өнер ордаларының санаулы екенін білемін. Солардың ішінде біздің сү­йікті театры­мыздың алар орны ерек­ше. 30-ыншы маусым да қуыршақ театры­ның ұжымы үшін нағыз шы­ғар­ма­шылық табыс пен ізденіске то­лы болады деген сенімдеміз”, – деді спектакльді балалармен бірге та­ма­шалаған “Алтын бесік” балабақ­ша­сы­ның тәрбиешісі Қаламқас Сәбит­қызы.
Бүгінгі таңда өнер ордасының ре­пертуарында 70-тен астам спек­такль бар. Жыл сайын театр көрермен назарына төрт жаңа қо­йылым ұсынады. Өнер ордасының биыл бірнеше жаңа­лы­ғы бар. Театр труп­пасы екі ак­тер­мен толығып, гаст­рольдік са­пар­ларға аттанбақ. Олар қа­раша айын­да Ресейдің Омбы қала­сында өте­тін ынтымақтастық фо­румы ая­сында көрші елдің кішкентай кө­рер­мендері алдында өнер көрсет­пек.

 

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: қойылымнан көрі­ніс.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp