«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰРЫН – МЕКТЕПТЕ, БҮГІН – КӘСІПОРЫНДА

“СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының жылу электр жүйесінде еңбек ететіндердің 35 пайызы – әйелдер. Инженер-химик Ирина Лиханосова – солардың бірі.

Ирина Васильевна №2 ЖЭО-да 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Оған дейін жұбайы әскери қызметкер болғандықтан, талай жыл Қиыр Шығыс шекарасында тұрып, сондағы бір мектепте химия пәнінен ұстаздық еткен. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның отбасы туған жеріне қайтып оралады.

– Ол кез қиын заман еді. Балаларды оқыту үшін жақсы жұмыс керек болды. Станцияға инженер-химик қажет екенін естіп келгенімде, бірден жұмысқа қабылдандым. Бүгінде басқа еңбек ортасын өзіме ыңғайлы көре алмаймын. Ұжымда өз ісін білетін еңбекқор адамдар істейді. Ең бастысы – арамызда бірлік пен сыйластық бар, – дейді Ирина Лиханосова.

Оның қарамағында бес маман еңбек етеді. Цехтағы жұмыс ауқымы да кең. Зертхананың жұмыс нәтижесінен кәсіпорынның басты нысандарының сапасы көрінеді. Жылу электр орталығында су басты орында болса, оның әр жабдыққа жіберілетін ағындысының құрамын анықтап, тазартып, жұмсартып отыру – басты мәселелердің бірі. Осыны станциядағы еңбеккер әйелдер еш ауырсынбай атқарады.

Ирина Васильевна – бос уақытында табиғат аясына шығып, демалғанды ұнататын жан. Бала күннен бері спортпен шұғылдануға әуес ол ара-тұра коньки, волейбол алаңына шығып, дене шынықтыруларын жасап тұрады. Жаз айларында оны саяжайдан табасыз. Гүл өсіру – Ирина Васильевнаның сүйікті ісі.

Игорь ТАТАРЧЕНКО,

“СевКазЭнерго” АҚ-ның

бұқарамен жұмыс істеу бөлімінің маманы.

СУРЕТТЕ: И. Лиханосова.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp