«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰҒЫ АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Айыртау ауданында бұғы атқандар ұсталды. Заря селосының екі тұрғыны “Көкшетау” ұлттық мемлекеттік саябағының Шалқар филиалы аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан. Браконьерлік үшін ұсталған күдіктілер 1984 және 1994 жылы туған. Олардың біреуінің үйінен бөлшектелген бұғы еті, ал орманнан терісі, басы, ішек-қарындары табылды. Сондай-ақ, тіркелмеген ату құралдары, пышақ, балта және шаңғылар тәркіленді. Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-ші бабы (“Заңсыз аңшылық”)бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстары дәлелденген жағдайда, 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp