«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА – ОҢ БАҒА

Жуырда құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары қалалық әйелдер консультациясының бас дәрігері Светлана Кашенцева, “Основание” ЖШС директоры Сергей Тимофеев, облыстық мәслихаттың бас заңгер маманы Зада Касенова, Тимирязев ауданының қазақ мектеп-интернатының директоры Айман Асанова енген жұмыс тобы дене шынықтыру және спорт кешендерін аралап қайтты.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болған оларды аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Тайшабаева, аудандық мәслихаттың хатшысы Балкүміс Ысқақова, спорт бөлімінің басшысы Сергей Минин жергілікті жерде бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан істердің жайымен таныстырды.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстанып, қолжетімді спорт құрылымдарын пайдалануларына барлық жағдай жасалған. Сондықтан болар, ауданымыздағы спорт саласы үздіктер көшін бастап тұр. Оған депутаттар Андреевка, Рузаев, Чистопол, Нежинка ауылдық округтерінің дене шынықтыру және спорт кешендерін аралағанда көз жеткізді. Мысалы, Нежинка ауылдық округіндегі стадион, “Жастар” спорт кешені, хоккей корты, жылыжай, Нежинка орта мектебінің спорт залы мұнда бұқаралық шараларға қаншалықты мән берілетіндігін байқатады.

Сапар Новоишимка аграрлық-техникалық колледжінде жалғасты.

Екі күнге созылған іссапар қорытындысы бойынша халық қалаулылары аудандағы дене шынықтыру және спорт жұмыстарының барысына, іс-шаралар жоспарының орындалуына оң баға берді.

Гүлбаршын

ҚАҒМЕТУЛЛАҚЫЗЫ,

журналист.

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp