«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БӘЙТЕРЕКТЕН” БАСЫМ ТҮСТІ

Бірінші лига ойындарының аясында жергілікті “Қызыл-Жар СК” құрама командасы Астана қаласының “Бәйтерегін” өз алаңында қабылдады.

Аса тартысты басталған бұл кездесудің алғашқы есебі тек отыз минуттан соң ашылды. Алғашқы голдың авторы – солтүстікқазақстандық құраманың жаңа ойыншыларының бірі – Қуаныш Бегалин.

Ал екінші таймның басында астаналық ойыншы Игорь Попадинец әріптесі жолдаған допты қақпамызда тулатып, есепті теңестірді. Бұл кездесуде қызылжарлық шабуылшы Давиди Чагелешвили есепті 2:1-ге жеткізіп, биылғы маусымда соққан добының санын жетіге жеткізсе, Эльхаджи Ндойе үшінші допты дарытты. Әбден тактиканы ұмытқан қала қонақтары абайсызда өз қақпасына доп соқты. Автоголды “Бәйтеректің” қорғаушысы Рүстем Әбдіразақов орындады. Ойынның қорытынды есебі – 4:1.  

Тамыздың 8-і күні “Қарасай” стадионында өтетін кезекті кездесуде қызылжарлық аяқдоп шеберлері Алматының “ЦСКА” құрамасын қабылдайды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp