Астана қаласында конькимен жүгіруден ел біріншілігі өз мәресіне жетті.
Солтүстікқазақстандық Вячеслав Зарецкий 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарда үздік атанса, 500 метрде Егор Воронов екінші болды. Ал Влад Семененко 1500 және 3000 метрлік қашықтықта екінші келді. Қыздар арасында Дарья Рыжова бір шақырымдық сайыста топ жарды. Ал тағы бір жерлесіміз Карина Коваленко 100, 300 және 500 метр қашықтықтарда екінші орынға тұрақтады.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.