«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН!

Тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен қызылжарлық жасөспірімдер “Жас Арлан” әскери-патриоттық клубындағы экскурсияға қатысты.

Мұнда 8 жастан асқан 100-ден астам бала жаттығады. Олар алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырына қанығып, түрлі спорттық шараларға қатысады. Аталмыш клубтың жетекшісі Эрик Тәттібаевтың айтуынша, мұнда ұл-қыздар самбо, қол күрес пен таэквондо үйірмелерінде шынығады.

Осы жолғы экскурсияға қатысушылар  жаттығу залындағы  балалармен тілдесті. Сөйтіп, олар телефон мен гаджеттерсіз-ақ бос уақытты қызықты  өткізуге болатынына көз жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp