Тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен қызылжарлық жасөспірімдер “Жас Арлан” әскери-патриоттық клубындағы экскурсияға қатысты.
Мұнда 8 жастан асқан 100-ден астам бала жаттығады. Олар алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырына қанығып, түрлі спорттық шараларға қатысады. Аталмыш клубтың жетекшісі Эрик Тәттібаевтың айтуынша, мұнда ұл-қыздар самбо, қол күрес пен таэквондо үйірмелерінде шынығады.
Осы жолғы экскурсияға қатысушылар жаттығу залындағы балалармен тілдесті. Сөйтіп, олар телефон мен гаджеттерсіз-ақ бос уақытты қызықты өткізуге болатынына көз жеткізді.