«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН

“Жастар жылы” аясында облыстық мәслихат депутаттарының мұрындық болуымен Петропавлға Айыртау ауданының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері келді. 

Шара барысында 10, 11-сынып оқушылары халық қалаулыларымен кездесіп, орта және жоғары оқу орындарында болды. Жасөспірімдерді алдағы уақытта мамандық таңдау сәті күтіп тұрғанын ескерген шара ұйымдастырушылары айыртаулық өрендерді облыс орталығындағы жетекші зауыттарға да апарып, өнеркәсіп саласының даму барысымен таныстырды. Балалар мұнда темір жонушы, дәнекерлеуші, инженерлермен әңгімелесті.
“Осы кездесуге дейін депутаттар Айыртау ауданына барып, жасөспірімдермен кездескен болатын. Сол шарада балалардың көбі заңгер, экономист боламыз десе, бүгінгі кездесуден соң мамандық таңдаудағы шешімдерін өзгерткілері келіп отыр. Олар сұранысқа ие өндіріс саласының мамандық иесі болғылары келетінін айтып, осы шараны ұйымдастырушыларға зор алғысын айтуда”, – дейді облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы Зурәш Ахметова.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp