
“Еңбек – бәрін жеңбек” қағидасын өмірлік ұстанымына айналдырған жанның бірі – Нұржан Омарбеков.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің инженерлік-техникалық факультетін электроэнергетик мамандығы бойынша бітірген Нұржан бүгінде қаламыздағы “ТНС-Экспорт” астық қабылдау кәсіпорнында оператор болып жұмыс істейді. Таңдаған мамандығын мақтаныш тұтатын жігіт:
– Біз сенсорлы экранды саусақтың ұшымен басқарамыз. Әрі қарай автоматтандырылған жүйе астықты қабылдап, сақтау қоймасына жөнелтеді. Мұнда жұмыс істейтін 96 маманның жартысынан көбі – жастар. Елбасымыз тек еңбекпен бақытты болып, еңбекпен биік белестерді бағындыратынымызды жиі айтады. Сондықтан да, өзім үшін ғана емес, ең алдымен, Отанымыздың өркендеуі жолында маңдай терімді төккім келеді. Мен “ТНС-Экспорт” астық қабылдау кәсіпорнында жұмыс істейтініме қуанамын, – дейді.
Самат САПАРАЛЫ,
журналист.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.