«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ҚАЖЕТ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “100 нақты қадам – қазақстандық мемлекеттілікті нығайту жолы” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті ұйымдастырған шара барысында бірінші институттық реформа жайы сөз болды.

Аталмыш органның басқарма басшысы Светлана Зайцева мемлекеттік қызметшілерге қойылар талап пен кіл мықтыларды іріктеу барысын баяндады. Ал “Солтүстік Қазақстан облысы Азаматтық альянсы қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Сергей Худяков 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданғанымен, аталмыш құжатты әзірлеуге олардың қатыспағандығын айтты. Осы орайда мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізін жасап, оны әзірлеуге барлық мемлекеттік органдардың атсалысуы қажет деген ойын жеткізді. Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының директоры Татьяна Лебедева басқарма, департамент басшыларының оқуға келуге құлшыныс танытпайтындығын, осы орайда оларды міндеттейтіндей құжат қабылдау қажет деген ұсыныс жасады. Сондай-ақ, орталықтың оқуларына келуі тиіс мемлекеттік қызметшілерді жібермеу, не болмаса біліктілікті арттыруды кейінгіге қалдыру үрдісі де белең алған. Мұның барлығы Ұлт жоспары бойынша талап етіліп отырған білікті, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметші даярлауға теріс әсерін тигізері сөзсіз.  

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp