«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ


Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің даярлығы сақадай сай болуы қажет. Осы ретте облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері бағынышты құрылымдар мен мекемелердің дайындығын үнемі тексеріп, бақылауда ұстайды. 

Жақында департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев пен подполковник Ерік Сарыбаев, сондай-ақ “Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрлан Құлбаев Ғабит Мүсірепов атындағы, Жамбыл, Тимирязев, Айыртау, Есіл, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарына барып, өрт сөндіру бөлімшелерінің дайындығын тексерді. Шара барысында департаменттің басшылық құрамы қарауылдық ауысымдардың күн тәртібін, киім нысанын, жеке құрамның өз міндеттерін білуін тексеріп, өрт сөндіру, құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын техника мен қару-жарақтың дайындығы пысықталды. Сонымен қатар бірнеше рет дабыл бойынша жиын жарияланып, киім-кешек қаптарын, техника мен жол қозғалысы ережелерін білуіне тексеру жүргізілді. Бөлімшелердің кәсіби даярлығын тексеруге арналған шара аясында департамент басшылығы ғимараттарды аралап, жеке құрам қызметкерлерінің жағдайымен танысты. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің халқына арнаған Жолдауының басым бағыттары, оқыс оқиғалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы да айтылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp